Халықаралық ғарыш станциясының ғарышкері жердің керемет көріністерін паш етті

Халықаралық ғарыш станциясы ғарышкері  жердің керемет көріністерін паш етті , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2024 15:10 Сурет: pixabay
Халықаралық ғарыш станциясының бортынан түсірілген жердің кезекті кадрларымен станция бортинженері, "Роскосмос" сынақ ғарышкері Олег Артемьев 2024 жылдың 2 сәуірінде бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram-дағы жазбасының астында ол оқырмандарына сәлем жолдап, тамаша бейнемен бөлісті.

"Бүгінгі күнді әлемдегі ең әдемі планетаны бейнелейтін фантастикалық бейнеден бастаймыз!"- деп жазды Олег Артемьев.

Оқырмандарға бортинженердің ғарыш әлемін көрсетуі таңсық жағдай болмағанымен, бұл жазбаға таңданарлық пікірлер қалдырыпты.

  • Керемет
  • Шынымен... мен мұндай ғажапты көрген емеспін
  • Өте әдемі, сізге осындай тамаша кадрлар үшін алғыс айтамыз

Олег Артемьев бұған дейін де жердің түнде түсірілген ерекше көріністерімен бөліскен болатын. Сілтеме арқылы тамашалай аласыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: