Бос білім гранты иегерлерінің тізімі шықты

Сурет: Zakon.kz
Бұл гранттарға 4000-нан астам талапкер ие болды. Қуанышты хабарды Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бос білім гранты иегерлерінің тізімі шыққанын қуанышпен жеткізгім келеді. Бұл гранттарға 4000-нан астам талапкер ие болды. Осы гранттардың шын білімді жастарға бөлінуіне ықпал еткен Республикалық конкурстық комиссияға ведомство атынан өз алғысымды білдіремін", - деп жазды министр өзінің Telegram-дағы каналына.

Бұл конкурстық тағайындаудан кейін қалған бос қалған гранттарға педагогикалық және инженерлік ғылымдар мен "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" мамандағын таңдаған бітірушілерге басымдық берілді. Бұл ө жоғары білім алуды үміт еткен жастарымызға берілген үлкен мүмкіндік.

"Жоғары білім саласы аз уақытта толайым табыстарға қол жеткізді. Соның нәтижесінде қаншама білім алуға ниетті жастарымыздың үміті ақталып жатқаны бәріміз үшін де зор қуаныш һәм мерейлі мәртебе. Ұлы жазушы М.Әуезов бір сөзінде: "Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен өзінің ана тілін, әдебиетін сүюі шарт. Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттаған соң да, мамандық, білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтауы керек", – деп білім қуған өрендерге осындай тағылымды сөз қадырған. Бұл нақыл бүгінгі таңда да өз құндылығын жойған жоқ. Осы жолды мұрат еткен жастарымыз білімді, болашағымыз жарқын, бағындырар белесіміз көп болсын!" - деп қосты Саясат Нұрбек.

Грант иегерлері тізімін мына жерден көруге болады. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Виза үшін 20 мың долларға дейін: АҚШ 50 ел азаматына тұрақты кепілдік енгізеді

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді

Алматыда жеке клиникада баланы сүндеттеген дәрігердің ісін арнайы комиссия қарамақ

ШҚО-да су бетіне сапбордпен шыққан екі шетелдік қиын жағдайға тап болды