Оқушылар күзгі каникулда жеті күн демалады

Сурет: primeminister.kz
Қазақстан мектептерінде бірінші тоқсан аяқталып жатыр. Күзгі демалыс 2023 жылдың 30-қазаны мен 5-қарашасын қоса алғанда жеті күнге созылады.

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспарын ұсынып отыр.

Іс-шаралар жоспарына:

- жоғары сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен бірлесіп ғылыми жоба жұмыстарының мазмұны бойынша ақпараттық-танымдық сабақтар, ЖОО-ның оқытушыларымен кездесулер ұйымдастыру, ғылыми жобалар туралы сұхбаттар өткізу;

- "Балалар кітапханасы" жобасын іске асыру аясында оқырмандармен кездесу ұйымдастыру және оқылған әдебиеттерді талқылау;

- "Отбасылық дәстүрлер" тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізу, "Педагог-бала-ата-ана" бірлесуімен отбасылық дәстүрлер туралы әңгіме жүргізу;

- Қожа Ахмет Яссауидің туғанына 930 жыл толуына орай "Қожа Ахмет Яссауи мұраларын оқу" тақырыбында оқушылар арасында эссе мен жобалық жұмыстар жазу;

- оқушылар арасында "Өнегелі өмір" тақырыбында эссе жазудан байқау өткізу, балалардың үздік жұмыстарын атап өту;

- оқушылармен және олардың ата-аналарымен бірлесіп "Денсаулық сақтаудың 6 шарты – таза ауа, дұрыс тамақтану, қозғалыс, тыныш ұйқы, жақсы көңіл-күй, күйзеліске түспеу" тақырыбында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу;

- "Әкеге ізет, анаға құрмет" тақырыбында "Жас ақындар айтысы" байқауын ұйымдастыру, жеңімпаздарын марапаттау енгізілді.

Айта кетейік, бұл шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жіберіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Полиция төрт жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!