Президент: Мұғалімдердің қоғамдағы орны ерекше болуға тиіс

Сурет: akorda.kz
Президент Республика күніне орай мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде еңбек адамдарының, соның ішінде ұстаздар қауымының қоғамда алар орнына тоқталып, оларға барлық жерде құрмет көрсетілуі керек екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы биыл Жолдауды жариялаған кезде Парламентке еңбек адамдарын арнайы шақырғанын атап өтті. Олардың қатарында ұстаздар да болған еді.

"Қазір – білімнің дәуірі. Білімі озық жұрт даму көшінің алдына шығады. Бұл заманда білімпаздық ең басты қасиеттің біріне айналуға тиіс. Сондықтан, білім саласын дамытуға баса мән береміз. Мұғалімнің мәртебесін көтеріп, жағдайын жақсарту өте маңызды. Астанада өткен Ұстаздар съезінде бұл мәселеге арнайы тоқталдым. Өйткені ұстаздар қауымы ұлттың жаңа сапасын қалыптастырады".Қасым-Жомарт Тоқаев

"Мұғалім болып, ұрпақ тәрбиелеу – қасиетті миссия" деген президент елімізде мыңдаған адам осы міндетін адал атқарып жүргенін тілге тиек етті.

"Олар күнделікті еңбегімен Қазақстанды дамытуға зор үлес қосуда. Сол себепті мұғалімдердің қоғамдағы орны ерекше болуға тиіс. Ұстазға барлық жерде құрмет көрсетілуі керек", – деді президент.

Ол бірнеше жыл бұрын "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" атағы белгіленгенін еске салып өтті.

Жақында бір топ педагогті өзім арнайы марапаттадым. Бүгін де осы игі үрдіс жалғасын таппақ. Семей қаласындағы №7 мектеп-лицейдің математика пәні мұғалімі Алма Шүкежанова елу жыл бойы ұрпаққа білім мен тәрбиені қатар беріп келеді. Бүгін Алма Сайдахметқызын "Қазақстанның Еңбек Ері" атағымен марапаттау туралы шешім қабылдадым.Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ бүгін басқа да бірқатар мұғалім жоғары мемлекеттік марапатқа ие болды. Осы арқылы президентбарша ұстаздар қауымына ерекше ілтипатын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты