Су саласын таңдаған студенттер "Болашақ" бағдарламасымен шетелде оқиды

Сурет: Zakon.kz
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек су саласының мамандықтары мәселелері бойынша бірлескен кеңес өткізді. Кездесуге жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері де қатысты.

"Болашақ" бағдарламасына өзгерістер енгізіліп, оған "Гидрогеология", "Су ресурстары" және Су қауіпсіздігі" секілді су саласының мамандықтары қосылды. Нәтижесінде, биылдан бастап қазақстандық студенттер аталған мамандықтар бойынша шетелде білім ала алады.

Бүгінде Қазақстанда 10 оқу орны су саласының мамандарын даярлайды. Ал қазір су мамандықтары бойынша 2500-ге жуық студент оқиды.


"Біз үшін су саласы мамандығын тартымды ету маңызды. 2024 жылдың басынан бері су шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 22%-ға өсті. Бұл Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген іс-шаралардың арқасында мүмкін болды. Сонымен қатар, отандық су саласының кадрлық әлеуетін арттыру үшін министрлік су шаруашылығы мамандарын қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жоспарлап отыр", – деді Нұржан Нұржігітов.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды