Астанада Рашид-ад-Дин мен Рузбихан еңбектерінің тұсаукесер рәсімі өтті

Сурет: enu.kz
Еуразия ұлттық университетінде профессор Ержан Исақұловтың аудармасымен жарық көрген Рашид-ад-диннің "Жамиг-ат-тауарих" және Рузбихан Исфаханидың "Мехман нама-и Бұхара" кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараға белгілі ғалымдар, жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты. Рашид-ад-диннің "Жамиг-ат-тауарих" еңбегі – түркі халықтарының тарихын, Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарының өмірін шынайы сипаттайтын құнды дереккөз. Бұл еңбек алғаш парсы тілінен қазақшаға аударылып, кейін орыс тіліне тәржімаланды. Аудармада Шыңғыс хан ата-бабаларының мекендері мен қазақ даласындағы тарихи орындарға қатысты тың деректер берілген. Ал Рузбихан Исфаханидың "Мехман нама-и Бұхара" шығармасы XV-XVI ғасырлардағы қазақ халқының шығу тегі, әлеуметтік құрылымы, діни-рухани болмысы мен Қазақ хандығының халықаралық байланыстары туралы маңызды мәліметтер ұсынады, деп хабарлайды 24kz.

Еңбекте Шайбани ханның өмірі мен қызметі егжей-тегжейлі баяндалған. Бұл еңбектер түркі тарихын зерттеуге қосылған құнды үлес ретінде жоғары бағаланды.


"Бұрыннан бері тарихымыз жоқ" деп алып келді білесіздер, Кеңес Одағы уақыттарында. Ондай емес. Соған байланысты терең қазып, шетел мұрағаттарына, музейлерге барған. Ираннан алып келген кітапты. Бармаған жері жоқ, Нидерланды Гаагаға дейін барған. Архивтерге барып дәлелдеп, карталарды алып, осындай кітап шыққан. Қазақшасы да, орысшасы да". Абай Тасболатов, тарих ғылымдарының докторы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды