Жер тұрғындары жасыл түсті кометаның ғажайып жарқылын көрмеуі мүмкін – жаңа зерттеу

Сурет: pexels
Жер тұрғындары көптен бері SWAN кометасының көзге түсер сәтін асыға күтіп жүрген болатын. SWAN өзінің ерекше жасыл жарқылымен ерекшеленеді. Алайда ғалымдар мұндай құбылыстың болмауы мүмкін екенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

NBC News мәліметінше, Плутонның артындағы Оорт бұлтының қойнауынан шыққан бұл комета жақында Күннің жанынан өткен болатын. Өкінішке орай, ол бұдан кейін тез сөнуде және оның жарқылы енді ұзаққа бара қоймайтын көрінеді.

Сурет: commons.wikimedia

Кометалар – миллиардтаған жыл бұрын пайда болған мұздаған газ бен шаңнан тұратын шарлар. Кейде комета Күн жүйесінің ішкі бөлігіне жақын өтеді.

"Бұл – Күн жүйесі енді ғана қалыптаса бастаған кездегі жәдігерлер", – дейді Батыс Вирджиния университетінің планетарийі мен обсерваториясының директоры Джейсон Ибарра.

Жаңа кометаны алғаш әуесқой астрономдар байқаған. Олар оны NASA мен Еуропалық ғарыш агенттігі Күнді зерттеу үшін қолданатын ғарыштық аппараттағы камерамен түсірілген суреттерден көрген.

Бұған дейін Өзбекстанда шетелдіктер үшін "алтын виза" енгізілгендігі хабарланған болатын.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні