Алдағы жүз жылдықта Жер бетінен 500-ден астам құс түрі біржола жойылады

Сурет: pexels
Халықаралық ғалымдар тобы келесі жүзжылдық ішінде Жер бетінен 500-ден астам құс түрі жойылып кетуі мүмкін екенін анықтады. Мамандар бұл экологиялық апаттың алдын алу үшін құс түрлерін сақтау бойынша шұғыл шаралар қабылдауға шақырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл зерттеу Nature Ecology & Evolution (NEE) ғылыми журналында жарияланды. Онда тек бірнеше құс түрінің жойылуының өзі Жердің көптеген аймақтарында экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкелуі мүмкін екені айтылған.

Ғалымдардың болжамынша, 2125 жылға қарай планета соңғы бес ғасырдағыдан да көп құс түрінен айырылуы ықтимал.

Құстардың жойылуына алып келіп отырған негізгі фактор – ауыл шаруашылығы жерлерінің қарқынды кеңеюі мен пайдаланылуы. Бұдан бөлек, климаттың өзгеруі, ормандардың жаппай кесілуі, сондай-ақ табиғи мекендеу ортасының тозуы да үлкен қауіп төндіріп отыр.

Ең алаңдатарлық жайт – егер адам әрекетімен келтірілетін залалды дереу тоқтатқан күннің өзінде, шамамен 250 құс түрі бәрібір жойылып кетуге бейім, себебі олардың сандық популяциясы сын көтермейтін деңгейге дейін азайған.

Ғалымдар жойылып бара жатқан құстарды сақтау үшін оларды арнайы бағдарламалар аясында торда көбейтіп, кейіннен қалпына келтірілген табиғи мекендерге қайта қоныстандыруды (реинтродукция) ұсынады.

Бұған дейін Жетісу облысында ежелгі қала орыны табылғандығын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды