Қазақстандық оқушы қыз The New York Times байқауында жеңіске жетті

Сурет: Instagram/persickrutoy
Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Фариза Фазыл беделді The New York Times Open Letter Contest халықаралық байқауында әлем бойынша үздік ондықтың қатарына енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл байқауға әлемнің әр түкпірінен он мыңға жуық адам қатысып, солардың ішінен тек 10 қатысушының ғана хаты әлемге танымал басылымда жариялану мүмкіндігіне ие болды,

Фариза өзінің ашық хатында қазақ қыздарының есімдеріне байланысты дәстүрлер тақырыбын қозғаған. Онда да өз шығармасында ол Ұлболсын деген қыз есімінің түп-төркінін түсіндіреді. Сөйтіп дүниеге ұл келуін күтіп, оны жасырмаған қазақ отбасында қыз баланың тағдыры қалай өрбитіні жайлы ой толғайды. Бұл ой оған үлкендердің әңгімелері мен достарының тәжірибесі, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен медиадағы пікірталастардан кейін келген. Өз басынан мұндай жағдай өтпесе де, Фариза бұл мәселені жүрекпен қабылдап, ішкі толғанысын көркем әрі терең жеткізе білгені үшін қазылар алқасының назарын аударды.

Байқау шарты бойынша, қатысушылар ашық хат жанрында мақала жазуы тиіс болған. Бұл формат – нақты бір аудиторияға үндеу жолдай отырып, бүкіл қоғам үшін маңызды тақырыпты қозғауға мүмкіндік береді. Міндетті шарттардың бірі – хат тек ақпарат беріп қана қоймай, оқырманды әрекет етуге немесе ойлануға итермелеуі керек.

Айта кетейік, Фариза халықаралық деңгейдегі білім байқауларында бұған дейін де жетістіктерге жеткен. 2025 жылы Infomatrix Asia сайысында екінші орын иеленсе, Technovation Girls жобасында Қазақстан атынан жартылай финалист атанған.

Гуманитарлық бағыттағы жетістіктеріне қарамастан, Фариза болашағын ғылыммен байланыстырады, нақтырақ айтқанда – биомедициналық инженериямен.

"Мақала, эссе жазған маған ұнайды. Бұл – шынайы толғандырған тақырып туралы еркін ой айту мүмкіндігі. Бірақ болашақта мен ғылым арқылы нақты өзгеріс жасағым келеді", – дейді Фариза.

Бұған дейін Францияда өткен халықаралық физика олимпиадасында қазақ жастары бес медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.

Қазақстан
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты