Италияда табылған мүсін ғалымдарды таң-тамаша етті

Сурет: pexels
Ежелгі этрус қаласы Вульчиде жүргізілген қазба жұмыстары кезінде археологтар мәрмәр мүсіннің басын тапты. Грек мүсін өнерінің мұндай үлгілері Грекиядан тыс өте сирек кездеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Италияда Фрайбург университеті мен Майнц қаласындағы Иоганн Гутенберг университетінің археологтары 2020 жылы ғана анықталған кейінгі архаикалық дәуірдің монументалды ғибадатханасының қалдықтарын зерттеу барысында мүсіннің басын тапқан.

Артефакт 2500 жылдан астам уақыт жер астында жатқанына қарамастан, жақсы сақталған.

Сурет: Mariachiara Franceschini, Vulci Cityscape

Фрайбург университетінің ғалымы Мариакиара Франческининің айтуынша, бұл олжа гректер мен этрусктар арасындағы байланыс бұрын ойлағаннан да терең және алуан қырлы болғанын көрсетеді.

Екі халық діни идеялармен де, шеберлермен де алмасқан. Этрурияға керамика ғана емес, сонымен бірге сәнді мүсіндер де жеткізіліп тұрған.

Мәрмәрден жасалған бас бөлік "Коре" деп аталатын жас қызды бейнелейтін мүсін түріне тиесілі. Зерттеушілердің пікірінше, мүсін Аттикада жасалып, кейін Этрурияға әкелінген.

Ең қызығы – мүсінде бастапқы бояудың іздері сақталған. Мұндай пигменттердің сақталуы өте сирек кездесетін құбылыс. Олар мүсіннің бастапқы келбетін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Бұған дейін Швейцарияда тас дәуіріне жататын ежелгі қорған табылғанын жазғанбыз.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды