Лох-Несс құбыжығын іздеген зерттеуші 52 жылдық ізденістен кейін мәлімдеме жасады

Сурет: Facebook/thelochnesscentre
Натуралист Эдриан Шайн жарты ғасырдан астам уақытын әйгілі Лох-Несс құбыжығын іздеуге арнап, ақырында өз қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

52 жылға созылған зерттеулерден кейін ол Шотландиядағы Лох-Несс көлінде ешқандай көне алып жыртқыш жоқ деген тұжырымға келді.

Бұл туралы Lab Bible басылымы жазды.

Шайн зерттеуді 1973 жылы бастаған. Уақыт өте келе ол жұмбақ көріністердің көпшілігіне рационалды түсіндірмелер таба бастаған. Соның ең айқын мысалдарының бірі – зерттеушінің бірде тіршілік иесінің өркеші деп ойлаған нәрсесінің кәдімгі тас болып шығуы.

Басқа да көптеген "дәлелдерді" ол көл бетімен өткен қайықтар мен кемелерден пайда болатын толқындардың әсерімен түсіндірген.

"Құбыжықтың ұзын мойны деп қабылданатын бейне көбіне оптикалық иллюзияның нәтижесі", – дейді Шайн.

Сондай-ақ сарапшы Лох-Несс көлінде алып жануарды асырауға жеткілікті балық қоры жоқ екенін атап өтті.

Қорытындысы осындай болғанымен, 76 жастағы натуралист өткізген жылдарына өкінбейді. Ол бұл зерттеулерден ләззат алғанын айтып, болашақта жаңа ғылыми жаңалықтардың ашылуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды