Ғалымдар ғарыштан тіршілікке қажетті маңызды молекуланы тапты

Сурет: pexels
Ғалымдар ғарыш кеңістігінде құрамында күкірт бар ең ірі органикалық молекуланы анықтады. Бұл – осы уақытқа дейін ғарышта табылған, тіршілік үшін аса маңызды элементтердің бірі саналатын күкіртті қамтитын ең үлкен молекула, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNN мәліметінше, күкірт – Ғаламдағы ең кең таралған оныншы элемент әрі Жердегі аминқышқылдарының, ақуыздар мен ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі.

"Күкірт Жерге ғарыштан өте, өте ерте кезеңде келген", – дейді Германиядағы Макс Планк атындағы Жерден тыс физика институтының ғалымы, зерттеудің жетекші авторы Мицунори Араки.

Оның айтуынша, ғалымдар осы уақытқа дейін ғарышта күкірті бар молекулалардың өте аз санын ғана анықтаған.

"Бұл – ғарышта табылған, құрамында күкірт бар ең ірі молекула. Ол 13 атомнан тұрады", – деп атап өтті Араки.

Бұған дейін ең үлкен молекула небәрі тоғыз атомнан тұрған. Оның өзі сирек кездесетін жағдай саналған.

Көміртек пен сутегін де қамтитын бұл молекула 2,5-циклогексадиен-1-тион деп аталады. Ол қазірге дейін ғарышта анықталған 300-ден астам молекуладан тұратын тізімді толықтырды.

Мицунори Аракидің айтуынша, бұл жаңалық болашақта құрамында күкірт бар молекулалардың әлдеқайда көбірек, тіпті одан да ірі түрлерінің табылуы мүмкін екенін көрсетеді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін