Жер бетінде кезекті магниттік дауыл басталды

Сурет: pixabay
2026 жылғы 18 сәуірде Жерде G1 деңгейіндегі магниттік дауыл басталды. Белсенді кезеңі бірнеше күнге созылып, жалпы геомагниттік тұрақсыздық бір аптаға дейін жалғасуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі уақытта магниттік дауыл ең төменгі G1 деңгейінде тіркеліп отыр. Геомагниттік жағдайдың тұрақсыздығы шамамен бір аптаға созылуы ықтимал. Ал ең белсенді кезеңі алдағы 1–2 күнге, яғни демалыс күндеріне сәйкес келеді. Осы уақытта қысқа мерзімді күшеюлер G2 деңгейіне дейін жетуі мүмкін. Алайда одан да күшті дауылдардың болуы екіталай, деп мәлімдеді Ресейдің Күн астрономиясы зертханасының мамандары.

Кешке қарай, егер аспан ашық болса, полярлық шұғыла (солтүстік шұғыласы) байқалуы мүмкін. Әсіресе бұл құбылыс солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарда көрінуі ықтимал. Дегенмен, оның көрінуі геомагниттік белсенділіктің нақты деңгейіне байланысты болады.

Айта кетейік, бұл – сәуір айындағы екінші магниттік дауыл. Біріншісі айдың басында тіркеліп, айтарлықтай күшті болған – шамамен G3 деңгейіне жақындаған. Жалпы, биыл геомагниттік құбылыстар саны жағынан соңғы жылдардағы ең белсенді кезеңдердің бірі болып отыр, деп атап өтті ғалымдар.

Бұған дейін ғалымдар күн сәулесіндегі магниттік дауылдардың себебін анықтағанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бұршақ түсіп, тұман басады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бірыңғай QR-код арқылы төлем жасағанда комиссияны кім төлейді – банк пе, сатушы ма, әлде сатып алушы ма

Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ компаниясына жарты миллиард теңге айыппұл салынды

Қазақстанда 16 мыңнан астам адам қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім берген

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына 545 кандидатты тіркеді