Ғалымдар демікпенің ауыр түрі несімен қауіпті екенін түсіндірді

Сурет: pexels
Каролин институтының мамандары 11 мыңнан астам науқастың деректерін талдап, оларды 20 жыл бойы бақылаған. Осы уақыт ішінде демікпенің ауыр түрімен ауыратын адамдар арасындағы өлім-жітім шамамен 34% болған, ал жеңіл түрлерінде бұл көрсеткіш 20% деңгейінде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғалымдардың айтуынша, демікпенің өзі сирек жағдайда ғана өлімнің тікелей себебі болады. Негізгі қауіп қатар жүретін аурулар мен асқынуларға байланысты. Бұл туралы European Respiratory Journal басылымы жазды.

"Аурудың ауыр түрінде ағзада созылмалы қабыну үдерісі дамиды. Бұл қан тамырларының жұмысына кері әсер етіп, тромбоз қаупін арттырады, соның салдарынан инфаркт немесе инсульт болуы мүмкін. Сонымен қатар мұндай науқастарда онкологиялық аурулар жиі анықталады, ал аурудың үнемі асқынуы тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйелеріне қосымша салмақ түсіреді", – деп қорытындылады ғалымдар.

Зерттеушілер атап өткендей, демікпенің ауыр түрі барлық науқастардың тек 3–8%-ында кездеседі.

Бұған дейін АҚШ-та автобус жүргізушісінде демікпе ұстамасы болып, ол рөлде есінен танып қалғаны хабарланған. Автобус жолда теңселіп кеткен кезде 12 жастағы алтыншы сынып оқушысы Джексон Каснаве рөлді ұстап алып, көлікті жолдан шығармай ұстап қалуға тырысқан.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Президент Жолдауы: Атырауда ақпараттық-түсіндіру кездесулері басталды

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

Дәурен Мұратбеков Жоғары Сот Кеңесіндегі қызметінен босатылды

Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды