Таиландта 2000 жыл бұрынғы жұмбақ жазуы бар алтын сақина табылды

Сурет: The Fine Arts Department
Таиландтың батысында қазба жұмыстарын жүргізген археологтар шамамен 2000 жыл бұрын жасалған екі алтын сақина тапты. Сақиналар темір дәуіріне жататын бұрынғы жерлеу кешеніндегі адам сүйектерінің жанынан табылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ecoticias басылымының дерегінше, сақиналардың біреуі қарапайым болса, екіншісіне ежелгі Үндістанда (қазіргі Бхарат) қолданылған брахми жазуының бір диалектісіндегі жазу қашалған.

Бұл олжа Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азия арасындағы ежелгі мәдени және сауда байланыстарының болғанын көрсетуі мүмкін.

Екі сақина да 2026 жылғы 2 шілдеде Бангкоктан оңтүстік-батысқа қарай 130 шақырым жерде орналасқан Пхетчабури провинциясындағы Дон Яй Тхонг археологиялық орнынан табылды. Темір дәуіріне жататын бұл қазба жұмыстары шамамен 1500-2500 жыл бұрынғы тарихи кезеңге тиесілі. Ол кезде темір, қола және алтын маңызды рөл атқарып, еңбек құралдары мен керамика жасауда кеңінен қолданылған.

Сақина өте кішкентай болғандықтан, оған ұзақ мәтін сыймайды. Дегенмен бір ғана сөздің өзі үлкен мағына беруі мүмкін. Силпакорн университетінің мамандары мен мемлекеттік археологтар сақинадағы жалғыз жазуды бастапқыда "пусаракхитаса" деп оқыған.

Бұл сөз "Пушьяның қорғауындағы адам" дегенді білдіруі мүмкін. Пушья — үнді немесе ведалық астрологияда сәттілік белгісі ретінде қарастырылады. Ал басқа, қарапайым түсіндірмеге сәйкес, бұл сақина иесінің аты болуы ықтимал.

Брахми диалектісі ежелгі Оңтүстік Азияда пайда болған. Қазіргі таңда ол өңірде әлі қолданылатын бірнеше жазу жүйесінің негізі саналады.

Бұл жазу біздің заманымызға дейінгі III ғасырда император Ашока тұсында патшалық жазбаларда кеңінен қолданылған. Сондай-ақ ресми хабарламаларды халық оқи алуы үшін стратегиялық маңызы бар жартастар мен бағандарға қашап жазған.

Бұған дейін археологтардың Иса пайғамбардың жерленгенжеріне қатысты жаңа деректерді анықтағаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді