Ғылым министрі отандық ЖОО-лардағы оқу ақысы қымбат деген пікірмен келіспейді

Сурет: akorda.kz
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026 жылғы 12 қарашада Орталық коммуникациялар қызметінде (ОКҚ) өткен брифинг барысында жоғары оқу орындарындағы ақылы білімнің жағдайына тоққталды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер Қазақстанның мемлекеттік жоғары оқу орындарында білім алу құны жылына 1 миллионнан 2 миллион теңгеге дейін жететінін айта келіп, олар бұл сома көптеген отбасыға ауыртпалық түсіретінін жеткізді. Алайда Саясат Нұрбек бұл пікірмен келіспейді.

"Қазақстанда жоғары білімнің қолжетімділігі – өте жоғары. Біріншіден, біз көп мөлшерде гранттар бөлеміз: соңғы жеті жылда 655 мыңнан астам грант берілді. Яғни, түлектер мен гранттар санын салыстыратын болсақ, қазір шамамен 2:1 қатынасы қалыптасып отыр (сәл көп немесе сәл аз). Демек, іс жүзінде әрбір екінші адам мемлекеттік тапсырыстан, яғни гранттан үміткер бола алады", деп есептейді ол.

Оның мәліметінше, "Келешек" бағдарламасы бойынша қазір 240 мың отбасы банктен шот ашып, білім алу үшін ақша жинай бастаған.

"Жалпы, білім беру құнына қарасақ, біздегі баға салыстырмалы түрде арзан. Оның үстіне, Қазақстанда ашылып жатқан барлық филиалмен өте ауқымды жұмыс жүргіздік. Егер Ұлыбританияның Уэльсіндегі Cardiff университетіне барып оқитын болсаңыз, оқу жылы шамамен 20-22 мың доллар тұрады. Ал Қазақстандағы Cardiff университетінде Қазақстан азаматтарына жыл сайын 300 грант бөлінеді. Coventry University Kazakhstan-дағы грант саны – 200. Осы филиалдардың әрқайсысына Қазақстан азаматтары үшін толық оқу ақысын жабатын белгілі бір мөлшерде гранттар бөлінеді. Егер ақылы негізде түсетін болсаңыз,13 мың доллар, яғни екі есе арзан", деп сендіреді Ғылым министрі.

Бұған дейін Қарағандыда кәмелетке толмаған қызды зорлаған бес жасөспірім сотталғаны хабарланған.

Қазақстан
Нұрбек Саясат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жылусыз, сусыз бірақ алтынға бай: әлемдегі ең биік қалаға адамдар неге ағылып жатыр

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

Абай облысында жоғалған ер адамның денесі бес күннен кейін иен даладан табылды

Оралда ерлі-зайыпты оқушы қызды зиратқа қарай күштеп алып кетпек болған

Қазақстанда жаңа мемлекеттік наградалар бекітілді: Тоқаев заңға қол қойды