"Айына 2-7 млн теңге": Саясат Нұрбек Қазақстан ғалымдары қанша табыс табатынын айтты

Сурет: Zakon.kz
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026 жылғы 12 қарашада Орталық коммуникациялар қызметінде (ОКҚ) өткен брифинг барысында қазақстандық ғалымдардың алдында қандай перспективалар тұрғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саясат Нұрбек ғылыми қызметкерлер мен оқытушылардың жалақысын өсіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілгенін еске салды.

"2023 жылдан бастап ғалымдарға жалақыдан бөлек арнайы қосымша төлемдер енгізілді. Олардың мақсаты – ғылыммен айналысуды ынталандыру. Олардың мөлшері лауазымы мен ғылыми атағына байланысты. Мысалы, егер ол магистр болып, PhD докторантурасына түссе, біз шәкіртақыны екі есе ұлғайтамыз. Ол жалақы алады, егер тағы да қосымша жұмыс істесе немесе сабақ берсе, ай сайын 260 мың теңге шәкіртақы алады. Егер ол университетте сабақ берсе, ғылыми атақ алғаны үшін ай сайын белгілі бір үстемақы төленеді: 25 немесе 50 АЕК көлемінде. Егер бұл ретте, мысалы, ол аға оқытушы қызметін атқарса, яғни қауымдастырылған профессор немесе профессор болса, бұл сатылардың әрқайсысы үшін де 50 АЕК-ке дейінгі қосымша төлемдер қарастырылған", – дейді министр.

Ол жас ғалымдардың грант алу мүмкіндігіне де тоқталды. Қосымша табыс табудың тағы бір жолы – бірегей өнеркәсіптік өнертабыс.

"Өнертабысты жүзеге асыра алған ғалымдар бар. Мысалы, селен бойынша. Сәтбаев университеті жанындағы Металлургия және кен байыту институтының зерттеушілер тобы селенді рафинациялау технологиясын әзірледі. "Қазахмыс" корпорациясы селеннің тазалығы есебінен жоғары пайда табуда. Авторлық құқық біздің ғалымдарға тиесілі болғандықтан, сатылған өнімнің әр тоннасынан роялти (тұрақты ақшалай төлем) түсіп, сол ғалымдарға сыйақы беріледі. Осының арқасында айына 2-2,5 миллион теңге табыс табатын жекелеген ғалымдарымыз бар, тіпті айына 5-7 миллион теңге алатын ғалымдар да кездеседі. Олар өздерінің зияткерлік еңбегі арқылы қосымша табыс табу мүмкіндігіне ие болып отыр", деп сөзін түйіндеді Ғылым және жоғары білім министрі.

Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазақстандық студенттерге жасанды интеллектіні (ЖИ) пайдалануға неліктен рұқсат етілгенін айтқан болатын.

Қазақстан
Нұрбек Саясат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

Абай облысында жоғалған ер адамның денесі бес күннен кейін иен даладан табылды

Оралда ерлі-зайыпты оқушы қызды зиратқа қарай күштеп алып кетпек болған

Қазақстанда жаңа мемлекеттік наградалар бекітілді: Тоқаев заңға қол қойды

АӘК тағайындау қағидалары: 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап не өзгереді