Tesla балалар көлігін шығарды

Сурет: tesla.com
Бұл 2019 жылы «Кибертракпен» бірге көрсетілген квадроциклдың шағын нұсқасы

Cybertruck-ты сериялы өндіріске шығаратын уақыт әлі келмеген сияқты, соңғы кездері экологиялық квадроциклдан да хабар жоқ.

Бірақ 1 желтоқсанда Tesla сегізден асқан балаларға арналған Cyberquad моделін сата бастады, дейді kolesa.kz.

Cyberquad — монолит рамаға негізделген реттелетін аспасы, дискілік тежеуіштері мен кішкентай электромоторы бар квадроцикл. Салмағы 55 келі тартатын шағын көлік сағатына 16 км жылдамдықпен қозғалады, ал жүріс қоры 24 шақырымға жетеді. Оны қуаттау үшін шамамен 5 сағат уақыт жұмсайсыз.

Машинаны 1900 долларға (828 мың теңге) алуға болады. Балалар мінетін көлік иелеріне екі апта не бір айдан соң жеткізіледі.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды