Ел бойынша автожолдарды қардан қорғайтын 55 мың метрлік қалқан орнатылды

Сурет: Zakon.kz
Республикалық жолдарды қысқы маусымда күтіп ұстауға "Қазақавтожол" ЖШС кәсіпорны 1 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырды, деп хабарлайды Zakon.kz

Қазіргі уақытта еліміздегі автотрассаларда 133 жылыту бекеті жұмыс істеп тұр.

Көктайғаққа қарсы 122 мың текше метрден аса құм мен ұнтақ, 18 мың тоннаға жуық тұз және химиялық реагенттер дайындалды. Сонымен қатар, қар құрсауы пайда болуы мүмкін жерлерде 55 мың метрден астам қардан қорғайтын қалқандар және 5 мыңға жуық уақытша жол белгілері орнатылуда.ҚР ИИДМ

Бүгінгі таңда республикалық жолдардың барлығы ашық. Оларды күтіп ұстау жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі. Қар басатын барлық учаскелерде ауа-райының өзгеруіне байланысты және жол элементтерін ауыстыру үшін шұғыл әрекет ететін тәулік бойғы патрульдеу ұйымдастырылды. Сондай-ақ, сапарда қиын жағдайға тап болған жолаушылар үшін ел бойынша 133 жылыту бекеті жұмыс істейді.

Оқыс жағдайлар туындаған кезде жол қозғалысына қатысушылар 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы істейтін call-орталыққа хабарласа алады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз