Қазақстанда шахталық тіреуіштер шығарыла бастады

Сурет: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Сұранысқа ие өнімді елімізде алғаш рет Ақтөбе рельс-арқалық зауыты шығара бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанда тау-кен өндіру саласының кәсіпорындары қазба жұмыстары мен тоннельдердің күмбездерін нығайту мақсатында пайдаланатын СВП 22 шахталық тіреуіштерді өнеркәсіптік өндіруге кірісті.

ҚР ИИДМ «бұл өндіріс тау-кен саласын қазақстандық өндіріспен қамтуды арттырып, өндірістік материалдар мен жабдықтар импортын 90-95 пайызға қысқартуға мүмкіндік береді» деп отыр.

Шахталық жұмыстар барысындағы қауіпсіздік, кеншілердің өмірі мен денсаулығы көбінесе шахта тіреуіштерінің сенімділігіне байланысты болады. Сондықтан зауыт өкілдері арнайы ауыстырылатын профиль ГОСТ-қа сәйкес шығарылатындығына баса назар аударады.

СВП 22 профилінен сақиналы бекіткіштер мен 3-5 буыннан тұратын әмбебап аркалы иілгіш бекітпе жасалады, олар ерекше беріктікті және жүктемеге төзімді материалдарды қажет етеді. Сонымен бірге СВП 22 шахталық тіреуіштерінің бірқатар артықшылығы бар. Атап айтсақ, пайдалану мерзімінің ұзақтығы, бастапқы пішінін өзгертпей топырақ салмағына төзу қабілеті, бұйымның отқа төзімділігі мен күрделі жағдайларда бірнеше рет пайдалану мүмкіндігі.ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз