Таразда оқушы бала құтқарушы робот ойлап тапты

Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
Тараз қаласындағы №7 мектеп-гимназия оқушысы өрт кезінде адамдарды құтқаруға көмектесетін робот ойлап тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқушы роботқа "Темір-Батыр" деп ат қойыпты. Құлтемір өрт кезінде жалынды сөндіріп, қою түтін ішінде қалған адамды да іздеп табады.

"Роботтың алдында кедергілерді итеруге арналған құрылғысы және камерасы бар. Темір-Батырды қашықтықтан басқарып, камера арқылы өрт болған жерді көруге, ультрадыбысты қондырғының көмегімен өрттің қай жерден шыққанын, адамның бар-жоғын анықтауға болады. Роботтың ішіне екі бак орнатылған. Оған жағдайға байланысты көпіршік немесе су толтырылады. Қысым сұйықтықты 5 метр қашықтыққа шаша алады",– дейді өнертапқыш оқушы.

Вячеслав Кузьмин Темір-Батырды Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаменті мамандарына апарып көрсетпекші. Патент алып, роботты тағы да жетілдіру жоспарында бар.


9-сыныпта оқитын Вячеслав Кузьмин техникалық- шығармашылық орталықта қосымша білім алады. Төтенше жағдай кезінде көмек болатын құрылғыны осы орталықта тәлімгері Айнұр Сұраншиеваның жетекшілігімен жасап шығарған.

Тараз
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды