Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы арта түсуі мүмкін - Мирзиеев

Сурет: akorda.kz
Оның айтуынша, бүгінде Өзбекстанда қазақ­стандық капиталдың қатысуымен экономика мен әлеуметтік са­ла­ның барлық дерлік бағытын қам­титын 1000-нан астам кәсіп­орын жұмыс істейді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстанмен арадағы тауар айналым көрсеткіші қазіргі жылдық 4 млрд көлемнен 10 млрд долларға дейін жеткізуге болатынына сенімді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шавкат Мирзиеевтің айтуынша, биылғы жылдың басынан бері тауар айналымы 40 пайызға дерлік артып, жыл соңына дейін 4 миллиард долларға жетеді деп күтіледі, ал бұл – біздің сауда қарым-қатынастарымыз үшін рекордтық көрсеткіш.

Өзбекстан президенті "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында бұл шекті меже емес екенін, экономикалардың әлеуеті бізге болашақта 10 миллиардтық мақсатты батыл қоюға мүмкіндік беретінін баса айтты.

Өнеркәсіптік кооперация са­ла­сындағы жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Қостанайда Қазақстандағы саты­лым бойын­ша жетекші орындарға көте­рілген автомобильдер, сон­дай-ақ автобус­тар мен ауылша­руа­шылық машиналарын бірле­сіп шығару жолға қойылған. Түр­кістан мен Шымкентте заманауи тоқы­ма кәсіпорындары іске қо­сылып, тұр­мыс­тық техникалар шығарылуда. Ал мұндай мысалдар өте көп. Шавкат Мирзеев

Оның айтуынша, бүгінде Өзбекстанда қазақ­стандық капиталдың қатысуымен экономика мен әлеуметтік са­ла­ның барлық дерлік бағытын қам­титын 1000-нан астам кәсіп­орын жұмыс істейді.

Қазақстан
Өзбекстан
Мирзиёев Шавкат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды