ҚДБ потенциальды инвесторларымен кездесу басталғанын жариялады

J.P. Morgan, Societe Generale, UBS Investment Bank және Halyk Finance оның букраннерлері болады.

ҚДБ потенциальды инвесторларымен кездесу басталып кеткенін жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Moody's халықаралық рейтингтік агенттігінің Baa3 (оң), Fitch агенттігінің ВВВ- (тұрақты) және S&P агенттігінің ВВ+ (тұрақты) рейтингтеріне ие Қазақстан Республикасының мамандандырылған мемлекеттік даму институты – "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (бұдан әрі – ҚДБ) Еуропада және Қазақстанда тіркелген кірісі бар әлеуетті инвесторлар үшін 2020 жылғы 30 қаңтарда роудшоу өткізудің басталатыны туралы жариялайды.

J.P. Morgan, Societe Generale, UBS Investment Bank және Halyk Finance оның букраннерлері болады.

Теңгеге деноминацияланған еврооблигациялардың көлемі 100 млрд теңгеге дейінгі шаманы құрайды, бұл ретте еврооблигациялар бойынша барлық төлемдер АҚШ долларымен төлеуге жатады. Бағалы қағаздардың айналым мерзімі нарықтық конъюнктураға байланысты 5 жылды құрайды, FCA/ICMA тұрақтандыру жөніндегі ережелері қолданылады.

Инвесторларме кездесу кестесі:

30 қаңтар –Франкфурт (жеке кездесулер),

31 қаңтар – Цюрих Алматы (топтық кездесу)

3 ақпан– Лондон (жеке кездесулер)

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: