Салық бойынша берешегіңіз болса, Қазақстаннан шыға алмай қалуыңыз мүмкін

Салық, берешек, Қазақстан, шекара, шектеу, МКК, 1 қазан, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2026 19:06 Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу шаралары оның мөлшеріне қарай қолданылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, салық берешегі болған жағдайда жеке кәсіпкерлерге, жеке практикамен айналысатын тұлғаларға және заңды тұлғалардың бірінші басшыларына Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу қойылмақ.

Онда да 27 000 АЕК-тен асатын берешек үш айдан астам уақыт өтелмесе, аталған шара күшіне енуі мүмкін.

Бұл шара тек соттың санкциясымен қолданылады.

Бұған дейін Қазақстанда жартылай асыл тасы бар жаңа монета айналымға шыққалы жатқаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: