Шенеуніктің кесірінен оралдық шаруа малынан айырылды

Сурет: primeminister.kz
Күйінген кәсіпкер облыстық ветеринарлық инспекцияға шағым түсірген.

Батысқазақстандық  шаруа шенеуніктің кесірінен тақырға отырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аstanatv.kz хабарлауынша, қорасындағы малынан айырылған шаруа аудандық ветеринарлық инспекция қызметкерлерін сотқа берген. Айтуынша, 115 миллион теңге шығын келген.  Кәсіпкер Ресей елінен абердин-ангус тұқымды 115 асыл тұқымды ірі қара әкелетінін Сырым ауданындағы ветеринарлық инспекцияға алдын-ала ескерткен. Бірақ мекеме басшысы «малдың құжаты дұрыс емес» деп, шаруаны бірнеше рет кері қайтарып, сиырын есепке де алмапты. Соның салдарынан еш жерде тіркелмегендіктен, малдан қан да алынбаған, екпе де салынбаған. Кейін егілмеген сиырлардың бруцеллез жұқтырғаны анықталып, ақырында шаруа ауру малды арзан бағаға етке өткізіп құтылған.  

Сырым аудандық ветинспекциясының бастығы Бауыржан Бисенғарин мен инспектор Равиль Темірболатовтың арқасында зиян шегіп отырмын. Өзімнің үйім, қаладағы, ауылдағы туысқандарымның үйі бар еді залогқа қойған. Солардың бәрін де тартып алуға шешім шығып отыр. Мен енді бомж болып далада қалатын болдым. Ботагөз Баймолдаева, кәсіпкер

Күйінген кәсіпкер облыстық ветеринарлық инспекцияға шағым түсірген. Салғырт шенеуніктің   ісі көп кешікпей Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды. Бірақ ол не себепті малды тіркеуден бас тартқанын түсіндіріп бере алмаған.

Құжаттары дұрыс болмаған күнде де соған жәрдем беруі керек, ат салысып бірге жұмыс істеуі керек. Сол жұмыстарды атқармағаны үшін Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері толық құраммен бір ауыздан ол шенеунікті атқаратын лауазымынан босату туралы ұсынысты қабылдап, облыстық ветеринарлық инспекцияға жолдады. Ғалым Тұрсынбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО департаментінің басшысы
Ресей
Орал
МҚІА

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды