Ұлттық банк валюта бойынша алыпсатарлықты шектеу шараларын ұсынды

Сурет: Zakon.kz
Долларды сатып алу және сату кезіндегі айырмашылық соманы 15 теңгеге және еуроға қатысты 20 теңгеге дейін ұлғайту ұсынылады. Уақытша шара 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық банкі ақшаны айырбастау пунктерінде шетел валютасын сатып алу бағасы сату бағасынан ауытқу шегін белгілейтін жоба әзірледі.

Құжатта бұл шараны қолданылу мерзімі 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін деп көрсетілген әрі ұсынылып отырған өзгерістер, ең алдымен, валюта нарығындағы алыпсатарлық әрекеттерді азайтуға, сонымен қатар валюта бағамы төңірегіндегі құбылмалылықтың күшеюіне байланысты қаржы нарығына қатысушылардың тәуекелдерін сейілтуге бағытталғаны да айтылады.

Жобада айырбастау пунктері арқылы жүзеге асырылатын операциялар бойынша қолма-қол шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін АҚШ доллары үшін – 6 теңгеден 15 теңгеге, еуро үшін – 7 теңгеден 20 теңгеге дейін арттыруды ұсынылады.

Қаулының тиісті жобасы "Ашық НҚА- да" талқылауға ұсынылып, сондай-ақ оның мәтіні Ұлттық банктің сайтында жарияланды.

ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін