Алматы облысында «Атамекен» филиалының директоры кәсіпкерлерден ақша алған

Сурет: Zakon.kz
Қаржы мониторингі агенттігі «Атамекен» ҰКП филиалында коммерциялық пара алу фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Алматы облысында «Атамекен» ҰКП облыстық филиалының директоры кәсіпкерлерден 200 мың теңгеден алған. Ақша оған «Бастау Бизнес» мемлекеттік жобасы аясында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге мемлекеттік несие алуға көмектесу үшін аударылған.

Алматы облысында «Атамекен» ҰКП аудандық филиалының директоры өзінің қызметтік бабын пайдалана отырып, «Bastau Business» мемлекеттік жобасы аясында кәсіпкерлерден ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге мемлекеттік несие алуға көмектескені үшін аударылған 200 мың теңгеден бірнеше рет заңсыз ақшалай сыйақы алған. ҚР АФМ баспасөз қызметі

Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 253-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу аяқталып, прокуратураға жолданды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды