Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14 пайызға көтерді

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1,00 п.т. пайыздық дәлізде жылдық 14% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Соған сәйкес, өтімділікті ұсыну тұрғысынан тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 15%, ал өтімділікті алу бойынша тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 13% болады.ҚР Ұлттық банкі

Базалық мөлшерлемені көтеру туралы шешім геосаяси тәуекелдердің салдарынан инфляциялық қысымның күшеюі, әлемде, сондай-ақ Қазақстанның саудадағы серіктес елдеріндегі бағаның өсуі мен олардың елдегі ішкі бағаға ауысуы жағдайында  Ұлттық банктің инфляцияға қарсы саясат жүргізуге бейілділігін көрсетеді. Үш жыл бойы байқалып отырған оң фискалдық қарқын инфляциялық процестердің маңызды қозғаушы күні болып қала береді.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз