Доллар мен рубль арзандады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,77 теңгеге төмендеп, 477,09 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,15 теңгеге төмендеп, 7,87 теңге болды.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да аздап төмендеп, 70,74 теңге (-0,45) болды.

Еуро бойынша сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 486,01 теңге деңгейінде белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 476-480 теңгеге, 486-495 теңгеге, рубль 7,2-7,7 теңгеге сатып алынып/сатылып жатыр.

Ал 29 шілдедегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы әртүрлі бағытта өзгерді.

Мәселен, ICE Futures бойынша Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің құны 1,61%-ға өсіп, барреліне $103,47 болды.

NYMEX электрондық саудасында қыркүйек айындағы WTI фьючерстері 1,67%-ға арзандап, барреліне 98,03 доллар болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады