Мәскеу биржасында доллар мен евро бағамы құлдырады

Сурет: pixabay
Мәскеу биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысына сәйкес, доллар бағамы 22 шілдеден бастап алғаш рет 57 рубльге дейін төмендеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Евро бағамы да 1 шілдеден бері қарай алғаш рет 55 рубльден де төменге кетті.

1prime.ru мәліметінше, доллар бағамы "ертеңге" деген есепте 2,09 рубльге төмендеп, яғни 56,75 рубльді, евро 2,54 рубльге құнсызданып, 55,08 рубльді құраған.

Ал сауда-саттық кезінде евро бағамы 54,91 рубльге дейін төмендеді.

KASE мәліметтері бойынша, Қазақстанда бір доллар бағамы 479,85 теңгені, евро – 467,50 теңгені құрайды.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, 21 қыркүйекте валюта және қор нарықтары елдегі ішінара мобилизация туралы ақпарат әсер еткен. Ол күні ресейлік валюта бағамы аздап төмендеді, бірақ бейсенбіде ол өз позициясын қайта нығайта бастады. Жұма күні осы құбылыс тағы көрініс тапты.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз