Сауда-саттықта доллар мен еуро позициясын нығайтты

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,40 теңгеге қымбаттап, 479,39 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,52 теңгеге (+0,07) көтерілді.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 66,86 теңге (+0,02) болды.

Еуроның орташа сараланған бағамы 464,20 теңгеге дейін көтерілді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 477-480 теңге, еуро 465-469 теңге, ресей рублі 7,05-7,35 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бұл ретте мұнайдың әлемдік бағасы ұзақ уақытқа созылған құлдыраудан кейін тұрақтанды.

Brent маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстерінің құны барреліне 0,09%-ға өсіп, 92,53 доллар болды.

WTI маркалы мұнайдың қараша айындағы фьючерстерінің бағасы 0,06%-ға төмендеп, барреліне 87,22 доллар болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі