Қазақстанда доллар бағамы өсуін жалғастырды

Доллар, доллары, курс доллара, американские доллары, доллары США, обмен валют , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2026 15:49 Фото: pexels
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 26 тамызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,66 теңгеге қымбаттап, 458,87 теңгені құрады.

Ресей рублінің бағамы да өсті. Бір рубль 5,45 теңгеге (+0,03) жетті.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 68,25 теңге (+0,04) болды.

Айырбастау пункттерінде валюталардың сатып алу және сату бағамы:

  • доллар – 458,5-460,6 теңге;
  • еуро – 533-538,5 теңге;
  • рубль – 5,22-5,36 теңге.

26 тамызда халықаралық нарықта мұнайдың негізгі маркаларының бағасы жаңалықтар мен нарықтағы түзетулер аясында орта есеппен 2-3%-ға төмендеді.

Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне шамамен 86,71-86,80 долларды құрады. Сауда барысында оның құны 85,32-86,05 долларға дейін төмендеген. Ал WTI мұнайы барреліне 79,97-80,87 доллар шамасында саудаланды.

Айта кетейік, бүгін таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 458,48 теңге, еуроны 534,68 теңге, рубльді 5,43 теңге деңгейінде белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: