Доллар сәл арзандады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,16 теңгеге төмендеп, 476,89 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,53 теңгеге (+0,01) дейін көтерілді.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 66,48 теңге (-0,39) болды.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 466,14 теңге деп белгіледі. Кешегі саудада еуро бағамы 464,20 теңге болды.

Ақша айырбастау орындарында доллар – 476-479 теңге, еуро – 462,5-468 теңге, ресей рублі – 7-7,35 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 14 қазандағы аукционда мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді.

Brent маркалы мұнайдың желтоқсандық фьючерстерінің құны 0,76%-ға төмендеп, барреліне 93,85 доллар болды.

Қараша айындағы WTI мұнайының фьючерстері 0,66%-ға төмендеп, барреліне 88,52 доллар болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз