Еуропалық акциялар нарығының қатты құлдырауы болжанды

Сурет: pixabay
2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысынан кейін алғаш рет еуропалық акциялар нарығы үшін биыл ең нашар жыл болады деп болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Bloomberg жүргізген сауалнамаға сәйкес, 2022 жылдың қорытындысы бойынша сарапшылар Stoxx Europe 600 индексі орта есеппен 17%-ға, яғни 406 пунктке дейін төмендеуін болжады.

2022 жылдың наурыз айында Stoxx 600 биылғы жылды 2021 жылдың аяғындағы деңгейдегі шамамен аяқтайды деп күтілген. Алайда қазірдің өзінде инфляцияның, орталық банктер сыйақы мөлшерлемелерінің күрт өсімі байқалады, сондай-ақ энергетикалық дағдарыстың салдарына байланысты индекс шамамен 20%-ға төмендегені тағы бар.

Наурыз айындағы болжамы қазіргі жағдайға шамалап келетін TFS Derivatives сарапшысы Стефан Эколо жақын болашақта еуропалық нарықтар үшін жақсы жаңалық жоқ екенін айтты.

Олардың жағдайы жыл соңына дейін және келесі жылы да мәз болмайды. Қыспаққа алған макроэкономикалық факторлар тас-түйін болып, оңайшылықпен босай қоймайды, ал госаяси шиеленістер өрши береді, қазіргі және келесі маусымдық және корпоративтік есептілік кезінде көрініс таба отырып, инфляция да тереңдей түседі. TFS Derivatives сарапшысы Стефан Эколо

Сонымен қатар сарапшылар инвесторлардың Ұлыбританиядағы саяси жағдайға қатысты алаңдаушылығын түсінікті жағдай деп есептейді.

Америкалық қор нарығы да бүгіндері қиын кезеңді бастан кешіріп отыр. Алдында әлемдегі ең ірі банктердің бірі - JPMorgan Chase басшысы Джейми Даймон АҚШ-тағы ауыр рецессияға байланысты нарық 20-30 пайызға құлдырауы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

АҚШ
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған