Пәтерін шетелдіктерге заңсыз жалға берген Орал қаласының тұрғындары жазаланды

Сурет: pixabay
Салықшылар сырттан келгендерден ақша тауып, салық төлемеген 70 Қазақстан азаматын анықтады. Бес адамға қатысты әкімшілік іс қозғалып, олар 45 мың теңгеден айыппұл төледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оларды полиция рейд жүргізу барысында анықтады. Бірақ, негізінен, мұндай фактілер келіп түскен аноним хабарламалардың арқасында жиі ашылып жатады, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін Орал өңіріне 70 мың шетелдік келіп жетті. Тұрғын үйді жалға алу және жолаушылар тасымалы құны әдеттегіден екі есе қымбаттап шыға келді.

Салықтан жалтарған осы адамдар бойынша әкімшілік материалдар жинастырылып, сотқа жолданды. Сондай-ақ, осы бұзушылықтар Әкімшілік кодекстің 463-бабына сәйкес 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғатынын айта кеткіміз келеді. БҚО бойынша МКД бас маманы Абылай Малаев

Орал қаласында шамамен 2,5 мыңға жуық орыс тұрақтауды жөн деп шешкен. Шекарадағы жағдай баяғыда тұрақтанған, тұрғын үй жалдау ақысы да төмендеді.

Пәтерді ай сайын жалға алу құны 50-ден 100 мың теңге аралығын құрайды. Дегенмен, баспананы заңсыз жалға беру мен заңсыз тасымал фактілерін анықтау жұмыстары алда да жүргізілетін болады.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды