Ұлттық банк 2023 жылға арналған инфляция болжамын өзгертті

Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов 5 желтоқсанда өткен брифингте инфляцияның орта мерзімді кезеңге арналған жаңа болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғалымжан Пірматов кезекті болжамның аяқталғанын хабарлады.

"2022 жылдың соңында инфляция 20-21% аралығында болады. Келіп жатқан мәліметтерді ескере отырып, біздің болжамды ескере отырып, инфляция келесі жылдың бірінші тоқсанында шарықтау шегіне жетеді деп күтеміз. Келесі жылы біз инфляцияны 11-13% деңгейінде болады деп болжап отырмыз. 2024 жылдың соңына дейін - 7-9% деңгейінде, 2025 жылы - 4-6% деңгейінде болады".Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов

Жалпы оның айтуынша, әлемдік экономика баяулап жатыр: әлемдік экономиканың өсу қарқыны биыл 3,2%-ға дейін төмендейді. Ал 2023 жылы баяулау жалғасады және өсу қарқыны 2,7%-дан аспайды.

"Әлемнің көптеген елінде инфляция қарқын алып жатыр. Кейінгі онжылдықта ең жоғары деңгейге жетеді. Біраз елде инфляция 2023 жылдың бірінші тоқсанында шарықтау шегіне жетеді және мақсатты мәндерге қайта оралады деп болжанды. Осыған байланысты болашақта сыртқы ортада деинфляция болады деп болжаймыз".

1 қарашада Қазақстандағы инфляция қазан айында 19% өскені белгілі болды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: