Қазақстанда 700 мың адам тұрақты түрде букмекерлік ставкалар жасайды – Қаржы министрлігі

Игорные заведения, игорное заведение, азартные игры, казино, карты, ставки, онлайн ставки, онлайн-ставки, лудомания, игромания, азартная зависимость, онлайн ставки, онлайн-ставки, ставка, тотализатор, букмекеры, букмекерская контора, букмекерская фирма, игорный оператор, ставки на спорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2026 16:45 Фото: freepik
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 26 қаңтар 2026 жылы цифрлық жобаларды таныстыру барысында букмекерлік кеңселердің қызметінен түскен салық кірістері туралы статистиканы жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вице-министрдің айтуынша, заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты букмекерлік кеңселерден түскен төлемдер азайған.

"Жалпы, бір жылға жуық кезеңде ставкалар сомасы 1,6 трлн теңгені құрады. Жеңістер – 1,2 трлн теңге болды. Яғни, қайтарым 75%-ды құрап, 25%-ы ұйымдардың қолында қалады. Демек, шамамен 700 мың адам тұрақты түрде ставкалар жасайды", – деді Биржанов.

Оның сөзінше, бұл көрсеткіш ересек халықтың шамамен 15–20%-ын құрайды.

2025 жылғы шілде айында хабарланғандай, мемлекеттік органдар қазақстандықтардың барлық онлайн-ставкаларының тарихын көре алатын болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: