Туыстар арасында мобильді аударымдар бойынша шектеу жоқ – қаржы вице-министрі
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов бизнес үшін салық төлеу және есеп тапсыру рәсімдері туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның сөзінше, туыстар арасында бір-біріне ақша аударымдарының сомасы бойынша ешқандай шектеу жоқ.
"Оны біз кәсіпкерлік деп қарамаймыз. Жаңа бақылау нысандарын енгізу аясында біз үш ай ішінде әртүрлі адамдардан түскен аударымдардың көлемін ғана қарастырамыз". Ержан Біржанов
Ол сонымен бірге мобильді аударымдар арқылы қайырымдылыққа жиналған қаражатқа салық салынбайтынын да еске салды.
"Егер қаражат, мысалы, баланы емдеуге жиналса және әртүрлі адамнан 100-ден астам транзакция жасалса, бұл жағдайда бізге тиісті ақпарат түседі. Біз ол адамға хабарлама жібереміз. Сол кезде ол ақшаны не үшін жинағанын және оны қайда бағыттағанын, кәсіпкерлік мақсатты көздемегенін айта алады. Бұл жағдайда салық міндеттемесі болмайды. Кәсіпкерлік бағыт немесе жарнама үшін салық міндеттемелері жүктеледі. Ал егер қайырымдылыққа бағытталса, онда ешқандай салық міндеттемесі болмайды".Ержан Біржанов
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript