Қазақстандағы жаңа ережеге байланысты такси жүргізушілеріне салық салына ма
Сурет: unsplash
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов енгізіліп жатқан жаңа тәртіп шеңберінде қазақстандық такси жүргізушілеріне салық салу туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бүгінде елімізде такси жүргізушілері үшін арнайы салық режимі қарастырылған. Заң талаптарына сәйкес, олар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, мобилді қосымша арқылы 1% табыс салығын төлеуі керек.
"Олар онлайн режимінде тіркеле алады, бұл үшін барлық мүмкіндік көзделген. Жаңа талаптар аясында агенттердің рөліне баса мән беру қажет деп санаймыз. Мысалы, операторды салық төлеуші ретінде қарастыру ұсынылады". Ержан Біржанов
Яғни, егер такси жүргізушісі онымен жұмыс істесе, онда оператор соған сәйкес салық төлейді.
"Бұл әзірленіп жатқан Салық кодексінің нормаларына енгізіледі деп ойлаймыз, қазір бұл мәселе бизнес өкілдерімен талқыланып жатыр. Әзірге такси жүргізушілері үшін ұялы байланыс операторы арқылы және патентке сәйкес 1% салық төлеуге толық мүмкіндігі бар", - деді ведомство өкілі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript