8 желтоқсандағы саудада доллар арзандады

Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 1,34 теңгеге төмендеп, 472,17 теңге болғанын мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы сәл төмендеп, 7,52 теңге болды.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да 67,68 теңгеге (-0,26) түсті.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 496,13 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 472,5-476 теңге, еуро 495-501 теңге, ресей рублі 7,2-7,4 теңге аралығында саудаланып жатыр.

8 желтоқсандағы саудада мұнайдың әлемдік бағасы аздап көтерілді.

Brent маркалы мұнайдың ақпан айындағы фьючерстерінің құны 0,8%-ға өсіп, барреліне 77,79 доллар болды.

Қаңтардағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 0,87%-ға өсіп, 72,64 долларға жетті.

ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді