15 желтоқсандағы саудада доллар мен рубль арзандады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,22 теңгеге төмендеп, 468,56 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,24 теңгеге (-0,15) түсті.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы әлі де арзандап жаьыр – 67,22 теңге (-0,06).

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 499,49 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 469-472 теңге, еуро 497-503 теңге, ресей рублі 7,1-7,27 теңге аралығында сатылып жатыр.

Ал 15 желтоқсандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың ақпан фьючерстерінің құны 0,74%-ға төмендеп, барреліне 82,09 доллар болды.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада қаңтар айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 0,98%-ға арзандап, 76,52 доллар болды.

ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады