Қазақстанда асханалардағы түскі ас қымбаттады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда сыртта тамақтану қымбаттап кетті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, асхана қызметтері бір жылда 26,6%, фаст-фуд ұйымдарының қызметі - 17,1%, мейрамханалар мен дәмханалар қызметі - 20,6% қымбаттаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ай сайынғы динамика бойынша бағаның өсуін Жетісу өңірінің тұрғындары бірінші кезекте сезінді: бұл жақта бірден 13,9% қымбаттаған. Алғашқы үштікке Шымкент пен Алматы облысы да кірді: сәйкесінше айына +9,9% және +7,3%. Жеті облыста бір айда баға өзгерген жоқ.

Жылдық динамика бойынша бағаның ең көп өсуі дәл сол Жетісу облысында тіркелді: бірден 44,7%. Бағалар Шымкентте (40,3%-ға) және елордада (38,5%-ға) айтарлықтай өсті. Бағаның ең аз өсуі Павлодар облысында байқалды: жылына 6,2%.

2022 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша қоғамдық тамақтану ұйымдарының қызметі бір айда 2,7%, бір жылда 23,4% қымбаттады. Бұл туралы Ranking.kz жазды.

5 қаңтарда McDonald's Қазақстандағы жұмысын жауып жатқаны белгілі болды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін