Соттан тыс жүргізілетін банкроттық рәсімі тегін – МКК

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Соңғы уақытта әлеуметтік желіде азаматтардың банкроттығы бойынша ақылы қызмет туралы жарнама жиілеп кетті. Мемлекеттік кірістер комитеті соттан тыс банкроттық, яғни қарызы 5,5 млн теңгеден аспайтын қарыздар бойынша жүргізілетін рәсім тегін екенін жеткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комитеттегілер 2023 жылдың наурыз айынан бастап бұл қызметті E-gov сайты және e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы алуға болатынын нақтылайды. 

Банкроттық туралы толығырақ ақпаратты алу үшін бірыңғай байланыс орталығына 1414, қосымша 3 нөміріне немесе Telegram-дағы SalyqBot-қа хабарласуға болады. ҚР МКК баспасөз қызметі

Банкроттық рәсімінен өту тәртібі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Мемлекеттік кірістер комитетінің сайттарында жарияланған.

Айта кетсек, қаңтар айының басында "ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" заң жарияланды. Бұл заң жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің үш түрін қарастырады: соттан тыс банкроттық, сотпен банкроттық деп тану және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Барлық үш процедураға тек борышкердің өзі жүгінеді, несие берушінің борышкерге қатысты аталған процедураларды қолдануға құқығы жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді