Әуеде ұшу бір жылда 17% қымбаттаған

Сурет: Zakon.kz
2022 жылдың желтоқсан айының соңында жолаушыларды әуеде тасымалдау қызметінің құны бір жылда 16,8% өсті. Екі аймақта баға 50%-дан астамға көтерілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аймақтық тұрғыда бағаның өсуін ең әуелі Батыс Қазақстан облысының тұрғындары сезінді: бірден плюс 67%. Көшбасшы үштікке Абай (жыл бойынша 57,3% плюс) және Қостанай (плюс 43,2%) облыстары да кірді. Қазақстанның 20 облысының ішінен тек Ұлытау және Алматы облыстарында бағаның төмендеуі байқалды: тиісінше 20,8% және 3,9%.

2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында авиакомпаниялар 11 миллион жолаушы тасымалдаған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 16,5% көп. Ең жоғары көрсеткіштер Алматыда тіркелді: 7,4 млн адам, плюс бір жылда 11%. Одан кейін Шымкент (3 млн адам) пен Астана (562,5 мың адам) тұр. Бұл туралы Energyprom.kz жазды.

Жолаушылар айналымы 20,1 млрд пкм болды. Бұл бұрынғымен салыстырғанда 35,7% өсті.

Былтырғы қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша әуе көлігімен жүк пен багажды тасымалдау 24,5 мың тонна болды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 27,9% аз. Әуе жүктерін тасымалдау республиканың үш облысында – Алматыда (14,7 мың тонна), Шымкентте (6,3 мың тонна) және Астанада (3,5 мың тонна) ғана тіркелді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды