Тоқаев шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға көңіл айтты
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Вице-Президенті, Премьер-министрі, Дубай Әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға ағасы шейх Ахмед бен Рашид Әл Мактумның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің өркендеуіне, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға және экономикалық өсімді қамтамасыз етуге шейх Ахмед Әл Мактумның айтарлықтай үлес қосқанын атап өткен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Әл Мактум әулетінің мүшелеріне риясыз қолдау білдіріп, осы қайғылы сәтте бекем болуға шақырды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript