Тоқаев пен шейх Халед бен Мухаммед бен Заид Аль Нахаян "Астана" халықаралық қаржы орталығына барды

"Астана" халықаралық қаржы орталығы, Қасым-Жомарт Тоқаев, Әбу-Дабидің Тақ мұрагері  , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2025 17:36 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян "Астана" халықаралық қаржы орталығына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, мәртебелі меймандар қаржы орталығының жетістіктерімен танысты. Сондай-ақ АХҚО соты, Қаржы қызметін реттеу комитеті, биржа және Халықаралық төрелік орталығының ерекшеліктері көрсетілді.

АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагеріне инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері жөнінде мәлімет берді. 

"Бүгінгі таңда Біріккен Араб Әмірліктерінің 46 компаниясы АХҚО резиденті ретінде тіркелген. Олар қаржы және сақтандыру, ақпараттық-коммуникациялық технология, сауда, көлік, өңдеу және тау-кен өнеркәсібі секілді түрлі салада қызмет етеді", делінген Ақорда хабарламасында.

Бұдан бөлек, Қазақстан мен БАӘ капитал нарығы арасында байланыс нығайып келеді. Мәселен, биыл 7 мамырда Nasdaq Dubai және Astana International Exchange (AIX) биржалары орталық депозитарийлерінің арасында тікелей байланыс орнағанын жариялады. Былтыр AIX Абу Даби биржасы (ADX) құрған Tabadul цифрлық биржа хабына қосылды.

Бұған дейін Қазақстан Президенті мен Әбу-Даби тақ мұрагері шейх Халифа бен Заид Әл Нахаян мектеп-лицейінде болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: