Ірі бизнес салық төлеу кезінде қаңтар оқиғасы кезінде шеккен залалдарын ескере алады

Сурет: Zakon.kz
Салық кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес, 2022 жылғы қаңтардағы төтенше жағдай кезінде залал шеккен ірі кәсіпкерлік субъектілер оны салық төлеу кезінде ескеруі қарастырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті бұл норма белгілі бір кезеңге енгізілгенін атап өтті, яғни ол 2022 жылдың 1 қаңтарынан 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болады.

Төтенше жағдай нәтижесінде тауарлары бүлініп, жоғалған жағдайда ірі кәсіпкерлік субъектілері:

- корпоративті табыс салығы бойынша төтенше жағдай кезеңінде келтірілген залал сомасын шегере алады. Сәйкесінше, осындай шығындар корпоративті табыс салығын есептеу кезінде ескеріледі (салықты кеміту бөлігінде). Ол үшін қылмыстық қудалауды жүргізетін органның төтенше жағдайға байланысты қылмыстық істер бойынша салық төлеушіні жәбірленуші деп тану туралы қаулысының көшірмесі, сондай-ақ тауардың бүлінгенін, жоғалғанын растайтын құжаты және салық тіркелімінде осындай тауарлардың бүлінгені, жоғалғаны туралы мәліметтің көрсетілуі керек;

- бұрын есепке жатқызылатын қосылған құн салығының (ҚҚС) сомасын төмендетпеуге құқылы.

Айта кетсек, 2022 жылдың 1 маусымында тек Алматыдағы бизнеске келтірілген шығын 98 млрд теңгені құраған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды