Қазақстанда доллар бағамы төмендеді
Фото: Zakon.kz
Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 485,40 теңгені құрады. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 1,49 теңгеге төмен. Бір күн бұрын доллар бағамы өскен болатын.
Ресей рублінің бағамы да 0,03 теңгеге арзандап, 6,47 теңге деңгейінде қалыптасты.
Ал Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 71,51 теңгені құрап, 0,08 теңгеге төмендеді.
Айырбастау пункттерінде доллар 485,20–487,09 теңгеден, еуро 550,99–556,30 теңгеден, рубль 6,08–6,24 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.
25 маусымда әлемдік мұнай нарығында да баға төмендеу үрдісі байқалды. Brent маркалы мұнайдың құны барреліне 73,06 доллардан төмен түсіп, 73,03 доллар деңгейінде саудаланды. Бұл көрсеткіш АҚШ пен Иран арасындағы әскери қақтығыс басталғанға дейінгі ақпан айының соңындағы деңгейге сәйкес келеді.
Сауда барысында эталондық марканың фьючерстері 1,14 пайызға арзандады.
Сонымен қатар америкалық WTI маркалы мұнайдың бағасы 1,13 пайызға немесе 1,81 долларға төмендеп, барреліне 69,53 доллар болды.
Айта кетейік, 25 маусым күні таңертең Ұлттық банк доллар бағамын – 487,02 теңге, еуроны – 552,23 теңге, рубльді – 6,51 теңге деңгейінде белгілеген болатын.
25 маусымның бірінші жартысында айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары туралы бұған дейін хабарланған еді.