Қазақстанда доллар бағамы қайта төмендеді
Фото: freepik
Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 485,82 теңгені құрап, алдыңғы күнмен салыстырғанда 0,27 теңгеге төмендеді.
Ресей рублінің бағамы 6,22 теңгеге дейін түсіп, 0,10 теңгеге арзандады.
Ал Қытай юанінің бағамы 71,51 теңгені құрап, 0,06 теңгеге өсті.
Айырбастау пункттерінде:
- АҚШ доллары 485,6–487,6 теңге аралығында;
- еуро 552–557 теңге аралығында;
- Ресей рублі 5,99–6,13 теңге аралығында сатылып жатыр.
Сонымен қатар, әлемдік мұнай нарығында баға өсімі байқалды.
ICE Futures биржасындағы саудада Brent маркалы мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстері 1,16%-ға қымбаттап, бір баррельдің бағасы 73,44 АҚШ долларына жетті.
NYMEX биржасында WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері 1,43%-ға өсіп, бір баррелі 70,22 АҚШ долларын құрады.
Еске салсақ, бүгін таңертең Қазақстан Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 486,47 теңге, еуроны 554,77 теңге, ал Ресей рублін 6,26 теңге деңгейінде белгілеген болатын.