Қазақстанда доллар бағамы төмендеді
Фото: freepik
Сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,05 теңгеге төмендеп, 465,08 теңгені құрады.
Ресей рублінің бағамы да 0,09 теңгеге арзандап, 5,53 теңге деңгейінде тұрақтады.
Күндізгі сауда-саттықта Қытай юанінің бағамы 0,07 теңгеге төмендеп, 68,94 теңгені құрады.
Ақша айырбастау орындарында доллар 464,85-466,73 теңгеден, еуро 533,89-538,72 теңгеден, рубль 5,35-5,49 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.
Бейсенбі, 13 тамызда бұған дейінгі сауда сессияларындағы өсімнен кейін мұнай бағасы төмендеді.
Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 1,50 долларға немесе 0,67%-ға арзандап, барреліне 87,44 долларды құрады. Осылайша, бұған дейінгі алты сауда сессиясында тіркелген өсім қысқарды.
Батыс Техас мұнайының (WTI) бағасы соңғы бес сауда сессиясындағы өсімнен кейін 55 центке немесе 0,66%-ға төмендеп, барреліне 82,72 доллар болды.
13 тамыз күні таңертең Қазақстан Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 465,19 теңге, еуроны 536,55 теңге, рубльді 5,61 теңге деңгейінде белгіледі.
13 тамызда күннің бірінші жартысында Қазақстанның ақша айырбастау орындарында шетел валютасы қандай бағамен сатып алынып, сатылғанын сілтеме арқылы білуге болады.